jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Балқаш көліне батып кеткен балықшының денесі табылды

    Балықшы
    Балықшы. Көрнекі фото: pexels.com

    Қарағанды облысында 26 қыркүйекте жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды. Ол Балқаш көлінде балық аулау кезінде суға батып кеткен, деп хабарлайды Ekaraganda.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның мәліметінше, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Балқаш көлінде балық аулау кезінде суға батып кеткен 1970 жылғы ер адамды іздеу жұмыстары аяқталған. Қайғылы оқиға 26 қыркүйекте Тасарал ауылынан шамамен 20 шақырым жерде болған.

    Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына Қарағанды облыстық ТЖД күштері мен құралдары жіберілген.

    "Бірнеше күн бойы жедел-құтқару жасағының құтқарушылары су айдынын сүзіп шықты. Іздеу жұмыстары кезінде сүңгуірлік жабдықтар мен қашықтан басқарылатын суасты аппараты қолданылды. Жұмыстар күндізгі уақытта жүргізілді.

    Құтқарушылар жергілікті тұрғындармен бірлесіп, балық аулау торын пайдаланып, көлді тексерді. Жағалаудан 2,5 шақырым жерде, шамамен 4-5 метр тереңдіктен марқұмның денесі табылып, судан шығарылды", - делінген жарияланымда.

    ТЖД іздеу жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы кедергі болғанын мәлім етті: көлде қатты жел соғып, биік толқындар көтерілген.

    Балқаш көліне батып кеткен балықшының денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram