jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Ақтауда ысталған балықтан бір отбасы уланып қалды": комада жатқан 9 жасар баланы құтқару мүмкін болмады

    балық
    Балық. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ақтауда тамақтан уланып, жансақтау бөліміне түскен 9 жасар бала көз жұмды. Баланың қайтыс болғанын туыстары растады, деп хабарлайды Lada.kz.

    Отбасы мүшелерінің айтуынша, бала кеше, 6 қазанда жансақтау бөлімінде жатқан жерінде қайтыс болған.

    Туыстары ауруханада ем алған баланың әкесінің жағдайы тұрақталғанын хабарлаған. Отбасының тағы екі мүшесі облыстық көпбейінді ауруханада емделуде.

    Басылым баланың өлім себебі мен улануға әкеп соққан мән-жайлар туралы ақпарат алу үшін Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына сауал жолдады.

    Еске салсақ, бұған дейін бір отбасы мүшелері тамақтан уланып, ауруханаға жатқызылғанын жазған едік. Туыстары жағдайға дейін отбасы ысталған балық жегенін хабарлаған. 9 жасар бала бірнеше апта жансақтау бөлімінде жатқан. Дәрігерлер бала ауруханаға инфекциялық-токсикалық шокпен жеткізілгенін баяндаған.

    "Ақтауда ысталған балықтан бір отбасы уланып қалды": комада жатқан 9 жасар баланы құтқару мүмкін болмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram