jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте екі жұмысшы құдық ішінде көз жұмды

    құдық
    Құдық. Көрнекі фото: Sviatlana Lazarenka/Getty Images

    Шымкентте екі адам құдық ішінде жұмыс істеу барысында көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, құбыр тарту жұмыстары кезде жұмысшылардың қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар құдық ішіндегі қалдық газдардан уланып қалған", - деп хабарлады Шымкент қалалық ПД.

    Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар анықталуда.

    Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәлімет жария етілмейді.

    Шымкентте екі жұмысшы құдық ішінде көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram