Абай облысында жоғалған бала егістіктен табылды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Абай облысында полиция қызметкерлері Үржар ауылында жоғалған жеті жасар баланы тапты. Ол елді мекеннен 4 шақырым жердегі егістіктен табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы арнасындағы дерекке сай, күндіз атасы мен әжесінің қарауында болған бала ауладан өз бетімен шығып кеткен.
Туыстары оны өз күшімен іздеп көрген, алайда одан нәтиже болмаған. Содан кейін олар полицияға жүгінді. Әжесі баланың дамуында ерекшеліктер бар екенін айтып, тез арада көмектесуді сұрады.
Полицейлер дереу іздеу шараларына кірісті: аулаларды, көшелерді және су айдындары маңындағы аумақтарды тексеріп, бала болуы мүмкін жерлерді қарап шықты.
Сағат 16:00 шамасында полиция капитаны Азамат Дүйсебаев пен полиция аға лейтенанты Ролан Байтлеуов баланы Үржардан төрт шақырым жердегі егістік алқабынан тапты. Қуанышты жаңалықты бірден оның жақындарына жеткізді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2443763-abai-oblysynda-zhogalgan-bala-egistikten-tabyldy-video/