jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    СҚО-да белгісіз тұнба ішкен екі ер адам қайтыс болды

    Тұнба
    Тұнба. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз тұнба ішкен екі ер адам уланып, көз жұмды. Үшінші зардап шегушінің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Ер адамдар көпбейінді қалалық ауруханаға шамамен бір сағат аралығымен түсті. Ауруханаға түскен кезде олардың жалпы жағдайы нашарлап, құсу, ентігу, әлсіздік және бағдарынан жаңылысу белгілері болды. Түскен алғашқы тәулікте бірінші ер адам қайтыс болды. Үшінші тәулікте екінші ер адам көз жұмды", - деді өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

    Пациенттермен бірге келгендер олардың белгісіз тұнба ішкенін айтқан.

    Марқұмдар мен аман қалған азаматтың нақты қандай сұйықтық ішкенін енді мамандар анықтауы тиіс.

    Белгілісі, сұйықтықты ішкеннен кейін бірнеше сағат өткен соң үшеуі де қатты улану белгілерімен ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген – тіпті жақындарын да танымай қалған.

    48 және 52 жастағы екі ер адамды құтқару мүмкін болмаған. Белгісіз сұйықтықты ішкен 75 жастағы тағы бір зардап шегуші өте ауыр жағдайда жатыр.

    Полиция қылмыстық іс қозғап, қайғылы оқиғаның кейбір мән-жайын анықтады.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, бұл азаматтар қоқыс контейнерлерінен тапқан бөтелкедегі сұйықтықты ішкен. Полиция аталған сұйықтықты алып, сараптамаға жіберді", - деді Петропавл қаласы №2 полиция бөлімінің бастығы Жанболат Махатов.

    Дереккөз: КТК.

    СҚО-да белгісіз тұнба ішкен екі ер адам қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram