Шымкентте екі бала көз жұмды: өлімнің алдын ала себебі айтылды
Жарияланған күні:

Шымкент қалалық полиция департаменті екі баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ өлімнің алдын ала себебі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция Шымкенттегі пәтерде екі кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу нұсқасы бойынша онда орындалған жұмыс немесе қызмет қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмегендіктен екі немесе одан да көп адам абайсызда қаза тапқан.
"Алдын ала мәлімет бойынша, өлімнің себебі – көміртегі тотығымен улану", - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін бірқатар қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2445834-shymkentte-eki-bala-koz-zhumdy-olimning-aldyn-ala-sebebi-aityldy/