jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Кәуапқа қақалған Өскемен тұрғыны өлім аузынан қалды

    кәуап
    Кәуап. Көрнекі фото: pixabay.com

    Өскеменде 57 жастағы ер адам кәуапқа қақалып, өлім аузынан қалды. Оны облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бригадасы аман алып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

    ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бригада келген сәтте науқастың жағдайы өте ауыр болған. Онда цианоз, тыныс алуының қиындауы және тыныс алу жолдарының айқын бітелуі байқалды.

    Фельдшерлер дереу көмек көрсетуге кірісті. Олар Геймлих әдісін қолданды, соның арқасында бөгде затты шығарып, ер адамның өз бетінше тыныс алуын қалпына келтіруге мүмкіндік туды.

    Шұғыл көмек көрсетілгеннен кейін науқас әрі қарай тексеру және бақылау үшін медициналық мекемеге жеткізілді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram