jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Шалқарда бензин құйып жатып күйіп қалған екі жұмысшының біреуі көз жұмды

    Бензин құйып жатқан адам
    Бензин. Иллюстрациялық фото: Hammerschmidt/picture alliance via Getty Images

    Ақтөбе облысындағы шойын жолда бензин құйғанда күйіп қалған екі жұмысшының біреуі қайтыс болды. Денесінің сексен бес пайызын күйік шалған жұмысшыны аман алып қалу мүмкін болмаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Оқыс оқиға осыдан осыдан он күн бұрын Шалқар ауданындағы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына қарасты орман алқабында болған еді. Екі жұмысшы жанармай құйып жатқанда от тұтанған. Лап еткен жалыннан жұмысшылар өртене бастайды. Бірінің денесінің 85 пайызын, екіншісінің 40 пайызын күйік шалған.

    Алғашқыда екеуі Шалқардағы аудандық ауруханада үш күн жатты. Одан соң облыс орталығына жеткізілген. Күйік жарақатын емдейтін дәрігерлер Астанадан келіп ем-домын жасағанымен, біреуін аман алып қала алмады. Екіншісін өздерімен бірге санавиация көмегімен Астанаға жеткізген.

    "Денесінің қырық пайызын күйік шалған науқасты Астана қаласына жібердік. Сол жақта емін жалғастыруда. Өкінішке қарай, екінші, денесінің сексен бес процентін күйік шалған науқас о дүниелік болып кетті", - дейді Ақтөбе қаласы №1 көп салалы ауруханасының дәрігері Нұрлан Әбішев.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram