jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада бір жарым жастағы бала балабақшада күйіп қалды

    күйік
    Күйік. Фото: t.me/astanovka98

    Астанада балабақшалардың бірінде бір жарым жасар бала ауыр күйік жарақатын алды. Сәбидің анасы полицияға жүгінді, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы Astanovka98 арнасында Астана балабақшаларының бірінде бір жарым жастағы бала III дәрежелі күйік алғаны туралы ақпарат жарияланды. Сәбидің анасының айтуынша, оқиға 2 қазанда болған: бала ыстық сорпаға күйіп қалған, күйік денесінің 10 пайызын зақымдаған.

    "Сәбидің анасының айтуынша, балабақша басшылығы бейнебақылау камераларының жазбаларын бермей отыр және болған оқиғаға қатысы жоғын айтып отыр. Ол полиция мен мемлекеттік органдарға жүгінді", - делінген жарияланымда.

    NUR.KZ тілшісі Астана қалалық полиция департаментіне сауал жолдады. Ведомстводағылар бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

    "Балабақша қызметкерінің кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісінше орындамауы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бейнебақылау камераларының жазбалары алынды. Олар зерттеліп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram