jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақмола облысында досымен бірге вагон үстіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты

    Теміржол маңындағы жасөспірім
    Теміржол маңындағы жасөспірім. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Ақмола облысы Шортанды кентінде досымен бірге теміржол вагонының үстіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты. Салдарынан оның денесінің 70 пайызын күйік шалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Көліктегі ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек бойынша Астана-1 станциясындағы көліктегі полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

    Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

    "Кәмелетке толмағандардың бірі Шортанды аудандық ауруханасына жатқызылды. Екінші бала үйіне өз бетінше оралды", - деп мәлім етті ведомство.

    Көлік полициясы вагондардың үстіне шығуға (тіпті пойыз тоқтап тұрса да), сондай-ақ пойыздардың астынан өтуге қатаң тыйым салынатынын ескертті.

    "Құрметті ата-аналар! Балалардың бос уақытын қадағалап, теміржол маңында ойнауына немесе жүруіне жол бермеулеріңізді сұраймыз", - деп үндеу жасады көліктегі ПД.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram