jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "1,5 литр қан жоғалтқан": БҚО-да полицейлер жарақат алған азаматты шұғыл ауруханаға жеткізді

    жарақат алған адам
    Жарақат алған адам. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

    БҚО тұрғыны құдыққа құлап, кеуде тұсынан ауыр жарақат алды. Оның денесіне әйнек бөтелкенің сынығы кірген. Ауруханаға жетуге оған полицейлер көмектесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы "ІІМ жаңалықтары" арнасының хабарлауынша, Подстепное – Илек автожолында қызмет атқару кезінде БҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің қасына бір автокөлік тоқтап, көлігінде шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жарақат алған азаматтың бар екенін айтып, оны медициналық мекемеге тез арада жеткізуге көмектесуді сұраған.

    Қаратөбе ауданының тұрғыны құдыққа құлап, кеуде тұсына әйнек бөтелкенің сынығы кіріп, жарақаттанған. Шыны сынықтары тері астына кіріп кеткен. Қанды тоқтату үшін жарақаттанған жерін дәкемен басып келе жатқаны белгілі болды. Өзінің айтуынша, ол шамамен 1–1,5 литр қан жоғалтқан. Сондай-ақ басы айналып, қатты әлсірегенін айтқан.

    "Әр минуттың маңызды екенін түсінген полиция инспекторлары Ринат Бигалиев пен Айбар Рашидов жарақат алған азаматты қызметтік көлікке отырғызып, қалалық көпбейінді ауруханаға жедел түрде жеткізген.

    Ол бірден ота жасау бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада.

    Осылайша тәртіп сақшылары аталған азаматты аман-есен медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram