jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы облысында дәрігерлер екі баланың ішінен 32 магнит алды

    Магнит
    Магнит. Көрнекі сурет: Freepick

    Алматы облысында дәрігерлер магнит жұтып қойған екі балаға медициналық көмек көрсетті. Олардың асқазан-ішек жолынан барлығы 32 магнит алынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Балалардың магнит жұтып қойғаны анықталғаннан кейін медициналық көмек қажет болған. Мұндай заттар әсіресе кішкентай балалар үшін қауіпті. Өйткені бірнеше магнит ішектің әртүрлі бөлігінде орналасып, бір-біріне тартылуы мүмкін.

    Мамандардың түсіндіруінше, магниттердің өзара тартылуы ішек қабырғасын қысып, ауыр асқынуларға әкелуі ықтимал. Сондықтан бала магнит жұтып қойды деген күдік туындаса, оның өздігінен шығуын күтпей, дереу дәрігерге жүгіну қажет.

    Бұл оқиға ата-аналарға балалардың қолы жететін жерде ұсақ магнитті ойыншықтар мен бөлшектерді қалдырмаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram