БҚО-да құрылыс краны құлап, бір адам мерт болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Батыс Қазақстан облысында құрылыс алаңында кран құлап, кабинада болған жұмысшы қаза тапты, іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город"-қа сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Мичурино ауылында 7 қарашада құрылыс алаңында қайғылы оқиға болды. Көпқабатты үйді салу кезінде кран құлап, ішіндегі жұмысшы мерт болды.
БҚО полиция департаменті жұмысшының қаза тапқанын растады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазір болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"Полиция трагедияның себебін анықтау үшін тергеуді бастады. Тергеушілер істің мән-жайын әзірге жария етпейді", - деп түсіндірді полициядағылар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2453507-bqo-da-qurylys-krany-qulap-bir-adam-mert-boldy/