jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Шымкентте жалғызбасты ер адам өз үйінде ажал құшты

    өрт сөндіру көлігі
    Өрт сөндіру көлігі. Иллюстрациялық фото: t.me/qr_tjm

    Шымкентте мас күйінде ұйықтап қалған тұрғын өз үйінде өртеніп кетті. Оқиға түнгі уақытта Теріскей шағын ауданында болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Шымкентте пәтер өртеніп, сегіз адам тұрғынүйден құтқарылды. Ал бір пәтерден ер адамның мәйіті табылған. Тұрғындардың бірі марқұм жалғызбасты болғанын айтады.

    "Жалғыз басты ер адам, бір өзі тұратын. Бала‑шағасын білмеймін, бар ма, жоқ па ... Тұрғанына төрт жылдай болып қалды. Үнемі арақ ішетін. Темекі шегіп жатып ұйықтап қалып, аяғы өртеніп қайтыс болған", - дейді Ұлжан Қартанова.

    Көпқабатты үйдің үшінші қабатынан түтін иісі шыққанын көршілері сезіп, есікті қаққанымен, ешкім ашпаған. Ал қызыл жалын шыға жеткен өрт сөндірушілер сегіз тұрғынды эвакуациялаған. Есікті ашып, өртті сөндіре бастағанда, сеспей қатқан 67 жастағы үй иесінің жартылай күйген мүрдесі анықталған. Оның денесі мәйітханаға жіберілді.

    Оттың нақты неден шыққанын анықтау үшін сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram