jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Нақты диагноз қойылмаған оралдық сарбаз үйіне табытпен оралды

    : UGC

    Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып денесі табытпен оралған оралдық Арслан Ахметті туыстары ақтық сапарға шығарып салды деп хабарлайды КТК арнасы.

    Әлі жиырмаға да толмаған жігіт Қызылордадағы 55-47 әскери бөліміне былтыр қабылданған екен. Енді оның қазасына туыстары әскери бөлім басшыларын кінәлауда.

    Баламызды сеніп берген өкімет неге дұрыс қарамайды, деп налиды жақындары қазір.

    Әулеттің үлкен ұлы әскери бөлімдегі қызметін уақытша тоқтатып облыстық аурухананың кереуетіне таңылғанын отбасына алдымен өзі хабарласып жеткізіпті. Алғашында тұмау делінсе, арада санаулы тәулік өткенде Арслан Ахметке өкпенің қабынуы деген диагноз қойылған.

    Ауруды анықтай алмаған дәрігерлер жігітті ажалдан арашалап қала алған жоқ.

    Арсланның денесін қара жердің қойнына тапсырған туыстары Қызылордадан келген офицерлерді түтіп жеді. Ауыздарын ашуға шамасы келмеген әскерилер тек қаралы отбасына материалдық көмек беріледі деп кетті.

    "Біздер тіптен түсіне алмай тұрмыз, орталық ауруханада ОРВИ-ден адам өледі дегенді. ХХІ ғасырда. Барлық медициналық құралдар бар, дәрі-дәрмектерді беріп отыр. Ал ауруханаға түскенде, неге әскери бөлім барып оның жағдайын білмеген. Онда қарап жатыр ма қарап жатқан па? Емін беріп жатыр ма жоқ па? Қағаз жүзінде бәрін бердік дейді", - деп налиды марқұмның туысы Зайсан Дәулетқалиева.

    Айта кету керек, бозбаланың Отан алдындағы борышын өтеп, үйіне қайтуына бар болғаны екі ай қалыпты.

    Нақты диагноз қойылмаған оралдық сарбаз үйіне табытпен оралды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.