jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ақтөбеде содырлар басып кіргенде дәретханаға тығылған майор сотта соңғы сөзін айтты

    : UGC

    Ақтөбеде содырлар сойқан салған әскери бөлімнің қос майоры сотта соңғы сөздерін айтты деп хабарлайды КТК арнасы.

    Лаңкестер шабуыл жасаған күні кезекшілікке жауапты болған Қайнарбек Тастанбеков пен Қайырғали Оразжановқа радикалдарға қарсылық көрсетпеді деген айып тағылып отыр. Мұнымен тек әскерилердің біреуі ғана келісті.

    Кінәсін мойындаған Қайырғали Оразжановқа кесілер жаза да жеңілдетілетін сияқты. Өйткені мемлекеттік айыптаушы оған 2 жылға шартты түрде үкім шығаруды сұрапты. Ал оның әріптесі Қайнарбек Тастанбеков тергеу біржақты жүргізілді деген пікірде.

    Оның содырлармен атысқанын дәлелдейтін айғақтар ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Ең қызығы, әскери бөлім ішіндегі бақылау камерасындағы таспаны өшіріп, атылған оқты таба алмапты. Тастанбековтың өзі содырлар сойқан салған кезде әрекет етпеген басшыларын кінәлайды. Әйтсе де, прокурор оған 3 жыл жаза сұрап отыр.

    "Енді мені кінәлі қылып отыр. Мен автопаркке барып, қуып жетіп арттарынан, атыстым. Екі патроным қалды. Енді айыптау актісінде маған атқан жоқсың дейді. Мен қорқатын болсам тығылып қалатын едім ғой", - дейді айыпталушы Қайнарбек Тастанбеков.

    Тағы оқыңыздар:

    ОҚО тұрғыны тауық жылының құрметіне қоразға алып ескерткіш тұрғызып қойды (фото)

    Шымкентте белгісіз біреулер шіркеуді тонап, садақа жәшігін алып кетті

    Түркияның Білім министрі мектеп бағдарламасынан атақты Дарвин теориясын алып тастады

    Универсиадада жеңген спортшылар 5 млн теңгеге жуық сыйақы алады

    Қазақстан кинотеатрларында билет бағасы қымбаттауы мүмкін

    Ақтөбеде содырлар басып кіргенде дәретханаға тығылған майор сотта соңғы сөзін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.