jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астаналық жігіттің әуретті жерін кесіп алған әйелдің құпиясын кім ашты?

    : UGC

    Заңгер Олег Чернов Астанада жыныс мүшесі кесілген ер адам туралы ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, суреттер мен істің материалдары әлеуметтік желіге қалай түсуі мүмкін екеніне болжам жасады деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Астаналық жігіттің әуретті жерін кесіп алған әйелдің құпиясын кім ашты?
    Астаналық жігіттің әуретті жерін кесіп алған әйелдің құпиясын кім ашты?: UGC

    WhatsApp мессенджерінде 36 жастағы әйелдің жігітінің жыныс мүшесін кесіп тастауы бойынша сот қаулысы тарап кеткен еді.

    Заңгер осы жаңалықты құқықтық жағынан қарастырып көруді ұсынды.

    Черновтің сөзінше, қаулының кіріспе бөлімінде сотта алты адамның болғаны жазылған: судья, сот отырысының хатшысы, тергеуші, күдікті және күдіктінің адвокаты.

    "Айта кеткеніміз жөн, тергеу сотының қаулысын ешкім оқи алмайды, яғни сот актілерінің банкінде де, "Сот кабинеті" АЖ-де де қаулылар жоқ. Яғни, жоғарыда аталған тұлғалардың бірі ғана сот актісін заңсыз таратуы мүмкін және бұл әрекетке көптеген себеп табылуы мүмкін, мәселен, өзгелерге ескерту ретінде немесе оқиғаны әжуалау үшін. Ол жағын болжамай-ақ қояйық, оданда құқықтық салдары туралы сөз қозғағанымыз жөн", — деп атап өтті заңгер.

    Черновтың айтуынша, жеке құпия болып саналатын ақпаратты таратқан адам Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша жауапқа тартылуы тиіс.

    Сөзінің соңында Чернов азаматтарды мұндай деректі жарияламауға шақырды.

    "Өзіңізді сол адамның орнына қойып, әрі қарайғы өмірі не болатыны туралы ойлаңыз. Сот дегеніміз цирк сахнасы емес, адамдардың тағдыры шешілетін жер", — дейді ол.

    Астаналық жігіттің әуретті жерін кесіп алған әйелдің құпиясын кім ашты?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.