jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ОҚО-да жүк көлігінің жүргізушісін атып, тонап кетті

    маки на фоне гор
    Фото: shutterstock.com: UGC

    ОҚО-да тәртіп сақшылары қарашылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған .

    Белгілі болғандай Сарыағаш аудандық ІІБ-на Сарыағаш-Шардара тас жолында фирмалардың бірінің көлігіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түседі.

    Оқиға орнына жедел жеткен топ бетперде киіп, қаруланған адамдардың жүк көлігін тоқтатып, жүргізуші мен жолаушыны тонап кеткенін анықтайды. Олар бір адам жаралап, миллион теңгеден аса қаржатты алып кеткен.

    Ал оқ тиіп жараланған адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

    Негізі оқиға қаңтар айында болған ал жақын күндегі жедел-іздестіру шарасы барысында Сарыағаш ІІБ-ның қызметкерлері күдікті ретінде 25 жастағы жергілікті екі тұрғынды ұстаған. Ал шабуыл жасады деген үшінші күдіктіге іздеу салынған.

    Аталмыш оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

    ОҚО-да жүк көлігінің жүргізушісін атып, тонап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.