jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жалғыз ұлын өлтіргендердің әлі күнге дейін табылмағанына наразы ана көз жасын тия алмады

    : UGC

    Ақтөбелік кәсіпкер Ерхан Тілеуімбетовті өлтіргендер 7 айдан бері табылмай жатыр. Полицейлерден күдерін үзген анасы қылмыскерлерді өз бетімен іздеуге кіріскен деп хабарлайды Керек инфо-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото: Керек инфо
    Фото: Керек инфо: UGC

    Ерхан Тілеуімбетов қарбыз сатып тұрған жерінен із-түссіз жоғалып кеткен еді. Марқұмның мәйіті былтыр қыркүйек айында табылған. Бір жарым ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кеткен оны біреулер өлтіріп, қала шетіне тастап кеткен.

    Сол күні оның қымбат көлікке мініп кеткені де бейнекамераға түсіп қалған. Алайда арада 7 ай өтсе де, қылмыскерлер табылмай жатыр. Жалғыз ұлынан айрылған Райхан Есенаманова баласының өліміне кінәлілерді өз күшімен іздеуге кірісті.

    Әлеуметтік желіге хабарландыру жариялап, қандай да бір ақпарат білгендерге қомақты сыйақы да тағайындап қойыпты.

    "7 айдан бері еш хабар жоқ. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылдым. ІІД –нің есігін тоздырдым. Ондағылар “Қарап жатырмыз. Астанадағы Бас прокуратурада бақылауда тұр”дейді. Кінәлілер жазасын алса екен деймін. Маған басқа ештеңе керек емес. Көлік неге табылмайды? Ақтөбеде бұл қылмысты ашпай отыр. Көрген-білгендер болса, айтар деп сыйақы да тағайындадым", - дейді Райхан Есенаманова.

    Облыстық Ішкі істер департаментіндегілер бұл қылмысты әлі аша алмай отырғандарын айтады.

    "Бұл қылмыс бойынша қазір тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тергеу тобының жұмысы әр жеті сайын қадағаланады. Бұл қылмыс әлі ашылған жоқ" ,- дейді облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Айдар Төкеев
    Жалғыз ұлын өлтіргендердің әлі күнге дейін табылмағанына наразы ана көз жасын тия алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.