jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АЖ
    Айжан Жолдасбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Бас прокуратура: Ермегияевтің түрмеде жеке кабинеті болған

    : UGC

    ҚР Бас прокуратурасы заңдық күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы Қайрат Жақыпбаев журналистермен баспасөз маслихатын өткізіп, "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компанииясының бұрынғы басшысына түрмеде жасалған жағдай туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

    Фото: ortcom.kz
    Фото: ortcom.kz: UGC

    "Шын мәнінде Ермегияев VIP-камерада отырды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Тек жазасын өтеу мекемесінде оған арнайы кабинет жабдықталған. Оған қоса, Ермегияев отырған камерада оған белгілі бір дəрежеде жеңілдіктер берілген», - деді Қайрат Жақыпбаев.

    Сондай-ақ, Жақыпбаевтың сөзіне сүйенсек, сотталған азаматқа күндіз аздап еркіндік берілгенімен, түнде ол камерасында жатқан.

    "Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қызметкерлер жұмыстан шығарылды. 16 адам жазаға тартылды. Қаңтар айында прокурорлар барлық түзеу мекемелерін тексеріп шықты. Онда сотталған азаматтардан ұялы телефон, тұрмыстық техника, кілем мен жиһаздар табылған", - деді Жақыпбаев.

    Аталған фактілер ҚР ІІМ басшылығына жолданды.

    Еске салсақ, "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев пара алғаны үшін сотталғаннан кейін оған түрмеде жайлы жағдай жасалған. Бұл туралы ІІД жүргізген тексеріс барысында әшкере болған еді.

    Бас прокуратура: Ермегияевтің түрмеде жеке кабинеті болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.