jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АС
    Акырыс Сейтказы
    Бұрынғы қызметкер

    Жеке сот орындаушылары алиментке қатысты іс қозғаудан бас тартқан

    : UGC

    Жеке сот орындаушылар өздеріне келген атқару құжаттарын орындауға құлық танытып, сот беделінің артуына атсалысады деу қиын. Алматы қаласы Алатау аудандық сотында өткен дөңгелек үстелден осы жайт белгілі болды.

    Көрнекі сурет: kzvesti.kz
    Көрнекі сурет: kzvesti.kz: UGC

    Аталмыш соттың судьялары , бас мамандары мен сот отырысы хатшылары, жеке сот орындаушы Айтуар Райымбеков, бөлім прокуроры Ержан Аяпбергенов қатысқан шара тізгінін Алатау аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Руслан Майрихов ұстады.

    Қозғалған негізгі мәселе – сот шешімдерінің орындалу жағдайы. Кеңсе меңгерушісі Руслан Майрихов жыл басынан бері Алатау аудандық соты тарапынан сот орындаушыларға барлығы 657 атқару парағы жіберілгенін жеткізді. Олардың 101-і орындалса, 297-сі қаралу үстінде және 14-і түрлі себептермен орындаусыз қайтарылған.

    Ал 293 атқару парағы бойынша өндірістік іс қозғаудан бас тартқан. Аудандық сот ұжымын алаңдатып отырғаны да осы. Айта кетерлік бір жайт, жеке сот орындаушылар іс қозғаудан бас тартқан аталмыш 293 атқару парағының 80 пайызы алимент өндіруге байланысты екен.

    Алименттің ар жағында баланың тағдыры тұрғанымен, жеке сот орындаушылар оларды өндіруге асықпайды. Дөңгелек үстелде мұның бір себебін одан жеке сот орындаушыға тиетін пайыздық үлестің төмендігімен түсіндірді.

    «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңның 38-ші бабына сәйкес, жеке сот орындаушы атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы үш күннің ішінде қаулы шығаруы керек. Бұл мерзімді айлап кешіктіретіндер де бар.

    Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Руслан Өнербайұлы аталмыш мәселені жеке сот орындаушыларының өздерімен бірге талқылау үшін Алматы қаласының Аймақтық палатасына хат жолданып, жеке сот орындаушылардың да шақырылғанын, алайда келмегенін айта келе, дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсыныс дайындап, оны Әділет департаментіне және прокуратураға жіберуді ұйғарды.

    Жеке сот орындаушылары алиментке қатысты іс қозғаудан бас тартқан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.