jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Сегіз жерден пышақтаған: Анасының өлімін айтқан Рахман Омардың ұлы елді жылатты (видео)

    : UGC

    Маусым айында Рахман Омардың бірінші әйелін аса айуандықпен пышақтап, кейіннен анасын іздеп келген ұлын да өлтірмек болған пәтер жалдаушылар алматылықтарды дүр сілкіндірген еді. Анасынан айырылған Гүлдерайым Омарованың ұлы елге видеоүндеу жолдап, полицейлердің дұрыс жұмыс істемей жатқанын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

    Досхан Рахманұлының айтуынша, полицейлер әлі күнге дейін аталған іс бойынша мардымды жұмыс істемей келеді. Арада бір айдан астам уақыт өткенімен, іс бойынша бірнеше тергеуші ауысқан, дейді ол.

    Сонымен бірге, ол қылмыс жасалған сәтте пәтердің ішінде болған пәтер жалдаушылардың бірі бостандықта жүргенін де айтты.

    Видеоүндеуде анасына деген жантебірентерлік сөзін арнаған жас жігіт Алматы қалалық ІІД мен ІІМ-нен бұл істі қолға алуын сұрады.

    Ал Гүлдерайым Омарованың жан құрбысы болған Қарагөз Сүлейменова болса, өзінің жазбасында марқұмның өзі де 3 жасынан бастам жетімдіктің зардабын тартқанын, сұмдық жайтты өз көзімен көрген Досханға көмек ауадай қажет екенін атап өтті.

    Еске салсақ, маусымның 28 күні Рахман Омардың бірінші жұбайы Гүлдерайым Омарованы пәтер жалдаушы қыздардың бірі сегіз жерден пышақтап өлтірген болатын.

    Анасының өлі денесін пәтердің балконынан тауып алған ұлы Досханды да қылмыскер өлтірмек болған. Алайда Досхан олардың қолынан сытылып шығып, полицейлерге хабарлап үлгерген. Қазіргі таңда осы іс бойынша ұсталған әйел қамауға алынған.

    Сегіз жерден пышақтаған: Анасының өлімін айтқан Рахман Омардың ұлы елді жылатты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.