jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Таяқ жеуден шаршаған қарағандылық келіншек күйеуін пышақтап тастады

    : UGC

    Қарағанды облысы Пришахтинск ауданының 45 жастағы тұрғыны өз күйеуін пышақтап тастады. Жұбайының ұрып-соғуынан шаршаған келіншек күйеуін суық қарумен екі рет ұрып, артынша жедел жәрдем шақырған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

    Көрнекі фото: saltday.ru
    Көрнекі фото: saltday.ru: UGC

    Оқиға ұрыс барысында орын алған. Күйеуі тағы да қол көтерген келіншек ашу үстінде оған екі рет пышақ салған. Олардың бірі азаматтың беліне, ал екіншісі санына тиген екен. Жұбайына жарақат салған әйел артынша пәтерден жүгіріп шығып, көршісінен жедел жәрдем шақыруын сұрапты.

    Ал жедел жәрдем қызметкерлері тез арада жәбірленушіні ауруханаға жеткізген. Ал оның әйелін полиция қызметкерлері алып кетіпті. Келіншек үйде ұрыс болып, күйеуі оған қол көтергенін, артынша ол жұбайына пышақ жарақатын салғанын айтқан екен.

    Абырой болғанда жарақаттар ішкі органдарға әсер етпеген. Соған қарамастан күдіктіге жәбірленушінің денсаулығына қасақана түрде зиян келтірді деген айып тағылып отыр.

    Қылмыстық іс №3 Октябрь аудандық сотында қаралды. Ал күдікті өз кінәсін мойындап, үш жылға бас бостандығынан шектелді.

    Таяқ жеуден шаршаған қарағандылық келіншек күйеуін пышақтап тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.