jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбеде соққыға жығылған оқушы қызға қатысты жаңа деректер шықты

    : Depositphotos

    Ақтөбеде соққыға жығылған жасөсіпірім қызға қатысты тың деректер шықты. 9 сынып оқушысын төрт қыз көлікпен қуып келіп, жабылып ұрған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

    Ақтөбеде 9 сынып
    Ақтөбеде 9 сынып: Depositphotos

    Оқиға 12 желтоқсан күні кешкі сағат 17:30 шамасында тіркелген. Заречный -4 ауданындағы №55 мектеп маңында медициналық маска киген төрт қыз мектеп оқушысын ұрып кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.

    Оқушы қызды соққыға жыққандардың кім екені анықталмаған.

    "Полицияға арыз түсірдік, ұрған адамдардың кім екені әлі табылған жоқ. Әрі қарай полиция жұмыс істеу керек. Қызым ауруханадан шықты. Қазір невропатологқа кетті. Қызым сол күні волейболдан жаттығуға барған.
    Жаттығу болмай, қыздар болып Заречный-3 ауылына барады. Оқиға қайтар кезде болып тұр. Үйге жақындағанда артынан көлікпен келіп, ұрған. Ұрған қыздар маскамен болған екен. Менің қызым ештеңе айтпай отыр", - дейді жәбірленуші қыздың әкесі.

    Ал №55 мектеп басшылығы 0осымша үйірмеге барып таяқ жеген оқушылары білмейтіндерін айтады.

    "Бізге "бала таяқ жеді" деген ақпарат түскен жоқ. Бала денсаулығына байланысты ауруханада жатып шықты. Басқа ешқандай жағдай болған жоқ. Төбелес болған жоқ", - дейді Ал № 55 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсия Махашева.

    Қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметкерлері оқушыны соққыға жыққандар іздестіріп жатыр.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде бетперде киіп алған төрт қыз қаладағы №55 мектептің тоғызыншы сынып оқушысын соққыға жыққаны хабарланған еді.

    Ақтөбеде соққыға жығылған оқушы қызға қатысты жаңа деректер шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.