jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қарағандыда банкеттен шыққан жігіттер бірін-бірі пышақтап тастаған

    : Depositphotos

    Қарағандыда жаңа жылдық банкет өткізілген мейрамхананың жанындағы қанды оқиғадан кейін, соңғы мәліметтер бойынша, төрт адам зардап шегіп, оның біреуі көз жұмды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

    Қарағандыда банкеттен шыққан жігіттер бірін-бірі пышақтап тастаған
    Көрнекі фото: pastinfo.am: Depositphotos

    Соңы өліммен аяқталған пышақтасудың мән-жайы белгілі болды.

    "Медициналық мекемелерге үш адам келіп түсті. Бір ер адам кеудесіне пышақ жарақатын алып, Мақажанов атындағы ортопедия және травматология орталығына түсті.
    Бүгін таңертең оған операция жасалды, қазір ауыр күйде. Қалған екеуі қажетті медициналық көмек алды. Оларды амбулаториялық емдеуге жіберілді", - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

    Зардап шеккен төртінші адам дәрігерлер мейрамханаға жеткенше қайтыс болыпты.

    Мейрамхана әкімшілігі әдеттегідей түсінік беруден бас тартуда.

    Айта кетер болсақ, 1 қаңтар күні таңертең ішімдік ішкен азаматтар Қарағанды қаласындағы мейрамхананың жанында төбелес ұйымдастырған.

    Нәтижесінде бір адам қайтыс болып, нақтыланған деректер бойынша үш ер адам ауруханаға түсті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.