jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды мейрамханасындағы адам өлімі: Прокуратура мәлімдеме жасады

    : Facebook

    Қарағанды облыстық прокуратураcы 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қаладағы мейрамханалардың бірінде орын алған қанды төбелеске қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы қадағалау органының баспаcөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Көрнекі фото: dknews.kz
    Көрнекі фото: dknews.kz: Facebook

    Мекеменің мәлімдеуінше, жаппай төбелеске ұласқан текетірес "Древний Рим" мейрамханасында болған. Ал оқиға нәтижесінде бір адам көз жұмып, үш адам пышақ жарақаттарын алған.

    Бұл іске қатысты полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) және 293 -бабы (бұзақылық) бойынша іс қозғады.

    Прокуратурада көрсеткендей, қазір төбелеске қатысқан үш адам ұсталып, бір адамға іздеу жарияланған.

    "Қазір әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бұл кикілжіңге қатысты жалған ақпарат тарап жатыр. Нақтырақ айтқанда, екі адам көз жұмғаны, текетірестің ұлтаралық сипатта орын алғаны айтылып жүр.
    Шын мәнінде, төбелес екі компания арасында болған, онда ешқандай ұлтаралық кикілжің жоқ. Себебі, төбелестің екі жағында да қазақтар мен басқа ұлт өкілдері болған", -деді мекеменің баспасөз қызметінде.

    Қарағанды облыстық прокуратурасы сыбыстарға құлақ түрмей, тек шын деректердге назар аудару қажеттігін сұрады. Одан бөлек, мекемеде ұлттық алауыздықты тудырғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны да айтылды.

    Қадағалау органы талқылаудың ашықтығын қамтамасыз етуге және жұртшылықты тергеу барысы туралы хабардар етуге уәде берді.

    Айта кетейік, жаңа жыл мерекесінде Қарағанды мейрамханалардың бірінде банкет соңы төбелеске ұласып, бір адам көз жұмған. Артынша адам өлімі орын алған төбелеске қатысы бар үш күдікті ұсталды.

    Қарағанды мейрамханасындағы адам өлімі: Прокуратура мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.