jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қарағандыдағы қанды төбелес: Күдіктіге республикалық іздеу жарияланды

    : UGC

    Қарағанды мейрамханаларының жанында 23 жастағы ер адамды өлтірді деген күдіктіге республикалық іздеу жарияланды. Тұтқындалған үш күдіктіге қатысты сот қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын қолданды деп хабарлайды NUR.KZ.

    Іздеу жарияланған күдікті
    Іздеу жарияланған күдікті: UGC

    Қарағанды облысының полиция департаменті күдіктілердің суреттері мен сауалнамалық деректерін жария етті.

    "Жедел-іздеу шаралары аясында полиция қызметкерлері үш ер адамды құрықтады: Малхасян Торгом Манвелович, Малхасян Сохак Самвелович және Надырбеков Каир Хамитович"

    Тұтқындалған азаматтар ауыр қылмыс жасады деп күдіктелуде. Қарағанды қаласының соты оларға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын қолданды.

    Сонымен қатар Қарағанды облысының полиция департаменті Гурурян Нарекке іздеу жариялады", - деп хабарлады ведомство өкілі.

    Іздеу салынған ер адам 1997 жылы туылған. Полиция азаматтардан оның қайда екенін білсеңіздер, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

    Еске сала кетейік, Жаңа жылды тойлау кезінде мейрамханада бірнеше жігіт төбелесіп қалған.

    Көшедегі төбелес кезінде пышақ жарақатынан Қарағанды қаласының 23 жастағы тұрғыны көз жұмған болатын.

    Кейіннен осы оқиғаға қатысты үш күдікті азамат қамауға алынғаны анықталды.

    Сонымен бірге, Қарағанды облыстық прокуратураcы қанды төбелеске қатысты мәлімдеме жасады.

    Қарағандыдағы қанды төбелес: Күдіктіге республикалық іздеу жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.