jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы облысында 4 жасар қызы мен анасын өлтірді деп күдіктелген әйел елді шошытты

    : UGC

    Алматы облысына қарасты Есік қаласында туған анасы мен кішкентай қызын таспен ұрып өлтірген келіншектің ісі қазір сотта қаралып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

    Алматы облысында 4 жасар қызы мен анасын өлтірді деп күдіктелген әйел елді шошытты
    Күдікті әйел, марқұм қызы мен анасы. Фото: отбасылық мұрағаттан: UGC

    Қанды оқиға 2018 жылдың 5 мамырында орын алған. Көршілердің шақыртуымен келген полициейлер ауладан 78 жастағы кейуана мен 4 жасар қыз баланың мәйітін, ал үйден қансырап, ес түссіз жатқан келіншекті табады.

    Тергеу барысында қанды оқиғаны 1979 жылғы келіншек Дүйсенхан Бәкейдің жасағаны анықталған.

    Алайда туыстары Дүйсенханның анасы мен қызын өлтіруі мүмкін емес деп отыр.

    "Дүйсенхан анамызды, ауру ағамыз бен оның балаларын жиырма жыл бойы бақты. Осы уақытқа дейін оның біреуге ұрысып, я болмаса төбелескенін ешкім көрген емес. Жындыханада есепте де тұрмаған. Бұл істе шикілік бар. Полицейлер келгенде оның өзі ес түссіз ауыр халде жатты", - дейді әпкесі Ұлбосын Бәкей.

    Қанды оқиға болған үйден бір көше төмен тұратын Дүйсенханның немере сіңілісі де келіншекті жамандыққа қимайтынын, алайда сараптама қорытындысы Дүйсенханды күдікті етіп көрсеткенін айтады.

    "Барлығымызды осы Бақан тәте (Дүйсенхан) өсіріп, оқытты ғой. Дәл осылай болады деп күтпедік. Менің әкем психикалық жүйке ауруына шалдығып, есепте тұрады. Тағы бір қарындасы да жындыханаға жатып шығып, қайтыс болған еді.

    Яғни, жүйке ауруы қанда бар. Полицейлердің айтуынша, Дүйсенхан әпкеміз де 1999 жылы жындыханаға жатып емделген екен.

    Енді сенбейік десек, сараптамада апамыз бен бүлдіршіннің қайтыс болу уақыты екі түрлі. Яғни, бірінші әжеміз, сосын төрт жасар қызы қайтыс болған», - дейді туысы Балауса Аманжолқызы.

    Тергеу ісінде Дүйсенхан Бәкей 1990 жылдары сірке суын (уксус) ішіп, өзіне өзі қол салғаны жазылған. Сондай-ақ, анасы мен қызын өлтіруге отбасылық кикілжің себеп болыпты.

    Дүйсенханмен сөзге келген 78 жастағы кейуана далаға қашып шыққанымен, күдікті қуып жетіп, шүйдесінен таспен ұрып өлтірген.

    Артынша, бір күннен соң ауладағы әжесінің мәйітін көрген кішкентай қызды да таспен ұрып, о дүнеге аттандырыпты.

    Ал одан соң өзіне-өзі қол салу мақсатында келіншек есінен танғанша өз басын таспен ұрғылаған көрінеді.

    Тергеу уақытында жындыханада жатып, ем алған әйел сот барысында туыстарын өлтіргенін мойындамай отыр.

    Алматы облысында 4 жасар қызы мен анасын өлтірді деп күдіктелген әйел елді шошытты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.