jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Аузыма коньяк құйды": Шымкентте жас қызды алып қашқан жігіт қорлық көрсеткен

    : Instagram

    Шымкентте алып қашудың құрбаны болған 19 жастағы бойжеткен үшінші қабаттан секіріп кетті. Жас қызды алып қашқан 21 жастағы жігіт оның аузына коньяк құйып, 10 күннен астам зорлаған деп хабарлайды КТК арнасы.

    Фото: КТК арнасынан
    Фото: КТК арнасынан: Instagram

    Мұндай қорлыққа шыдамаған бойжеткен өлу үшін түрлі дәрі ішкен. Олар әсер етпегесін, үшінші қабаттан секіріп кетіпті.

    "18-нен сол 31-не дейін сол үйде болдым. Олар мені жыныстық қатынасқа түсуге зорлады. Шешесі мен баласы екеуі. Аузыма қинап коньякты да құйып, "есіңді білмесең бәрі жақсы болады" деді.  Аяғымнан сүйреп жатқызды. Қыздығымды алды", - деген ару Сұлтан есімді жігітпен қалай танысқанын айтып берді.

    Аяжан (қыздың аты өзгертілген - ред) даяшы болып жүргенінде, Сұлтанмен танысуға үлкен аға-апалар себеп болыпты.

    Жас жігіт кафеге бірнеше күн келгіштеп жүріп, ақыр аяғында қызды алып қашқан.

    Сондай-ақ, жас қыз үйіне қашып кетуге қорыққанын, мәжбүрлі түрде "өз еркіммен қалдым" деп хат жазғанын жасырмады.

    Аяжан үшінші қабаттан құлағанда көршілері ауруханаға алып келген. Ал Сұлтан мен оның туыстары қыздың анасына, Арыстағы үйіне барып қоқан-лоққы жасаған.

    Бойжеткеннің анасының айтуынша, жігіттің әкесі "Отбасыңды жина", "Масқараңды шығарам", "Қызың коньякты, арақты өзі сұрап ішкен", "Ол қыз болмай келген", - деген сөздермен қорқытыпты.

    Сонымен қатар, жас қыздың күйеуі тәртіп сақшыларына "терезе жуып жатып құлап кетті" деп түсініктеме берген. Іске адвокат араласқаннан кейін ғана "Өз-өзіне қол салу" бабы бойынша іс қозғалған.

    "Өз-өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жасар қыздың ісіне қатысты қылмыстық кодекстің қосымша 120-шы бабы "зорлау" және 126-шы "заңсыз бас бостандығынан айыру" баптары бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - дейді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Сәденова.

    Қазіргі уақытта әбден қорлық көрдім деген қыздың туыстары Сұлтан мен оның анасының әлі бостандықта жүргеніне күйініп, олардың жазаға тартылуын талап етуде.

    Естеріңізге сала кетейік, бойжеткеннің үшінші қабаттан секіріп кеткені жайлы ақпарат бірнеше күн бұрын желіде таралған болатын.

    Дереккөз: КТК арнасы

    "Аузыма коньяк құйды": Шымкентте жас қызды алып қашқан жігіт қорлық көрсеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.