jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Желіде басы қанға боялаған тәрбиешінің видеосы тарады

    : Facebook

    Әлеуметтік желіде басы қанға боялған бойжеткеннің видеосы тарады. Бейнежазба Іnstagram-дағы aktau_insta парақшаcында жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.

    "Балабақша директоры тәрбиешінің басын жарған": Ақтауда болған оқиғаның видеосы желіде тарауда
    Фото: Видеодан скриншот: Facebook

    Видеоны жариялаған автордың жазуынша, балабақша тәрбиешісі балаларға берілген тамақ мөлшерін видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

    Сол әрекеті үшін балабақша директоры оның басын жарған.

    Кадрлардан басы қанаған әйелге әріптестерінің көмектесіп жатқанын байқауға болады.

    "Сөйлескен жоқ ешкім. Біз тамақты дұрыс істемеді деген үшін... не үшін шақырды, не үшін ұрасыз?!", - деген айғайлаған дауысты естуге болады.

    Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы "NewTimes.kz" агенттігіне пікір білдірген.

    Ведомствоның мәліметінше, оқиға 14 ақпан күні болған.

    "Айналайын" жекеменшік балабақшасындағы оқиғаға қатысты бойжеткеннің жағдайы туралы:
    Кеше кешкі алтыда Маңғыстау облыстық ауруханасына жабық бас ми жарақаты, ми шайқалуы, сол жақ самай жарақаты диагнозымен бойжеткен түсті. Көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне қайтарылды. Түнгі сағат бірде тағы да медициналық көмекке жүгінгендіктен, таңғы 10-ға дейін дәрігерлер бақылауында болды.
    Компьютерлік томограмма жасалып, жағдайының қалыпты екеніне көз жеткізілгеннен кейін науқас амбулаторлы емделуге үйіне қайтарылды", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    Желіде басы қанға боялаған тәрбиешінің видеосы тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.