jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Ақтаудағы балабақша дауы: Сұмдық төбелестен соң ата-аналар балаларын алып кетуде

    : Facebook

    Ақтауда жекеменшік балабақшаға қатысты дау-дамай әлі де басылмаған. Бұл жолы ата-аналар мекеме басшылығынан оқиғаның анық-қанығын түсіндіріп беруді талап етуде. Алайда балабақша табалдырығын тоздырған олар директормен үш күннен бері кездесе алмай келе жатқандарына шүйлікті деп жазады КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото: видеодан кадр. КТК
    Фото: видеодан кадр. КТК: Facebook

    Өткен аптада Ақтаудағы «Айналайын» балабақшасының қызметкері директор ұрып-соғып, басымды жарды деп арызданған болатын.

    Басшының бұл қадамға баруына тәрбиешінің балалар тойып тамақ жемейтінін жұртқа жайып салғаны себеп болған көрінеді.

    Бейнежазбада балаларға бір жапырық нан мен сорпаның орнына құр сылдыр су берілетіні көрініс тапқан.

    Бұл сұмдық жағдайдан соң ата-аналар балабақша басшылығынан бөбектерінің құжаттары мен ақшасын қайтарып беруін сұрауда. Тіпті, балаларына дұрыс тамақ бермегені үшін моральдық өтемақыны да талап етпек.

    Бірақ шағымданушылардың ақшаны қайтарып беру туралы өтініші кері қайтарыла ма, жоқ па, барлығы арнайы комиссия жұмысын аяқтаған соң анықталады.

    Қазіргі таңда бұл даулы оқиғаны қалалық прокуратура қатаң бақылауына алған. Тексеру аяқталғанша балабақшаны жауып тастапты.

    "Балаларымызды 10 күн бойы дұрыс тамақтандырмаған. Біз оларға сеніп тапсырдық, бірақ сол уақытта кішкентайлар аш отырған. Тіпті, кешке балаларымыз үйге келгенде бірден тамаққа ұмтылатын. Сондықтан кінәлілерді жазасыз қалдырмаса екен дейміз. Әсіресе, жекеменшік балабақшаларды жіті тексеріп, бейне бақылау қою қажет" , - деді қала тұрғыны Мадина Бесембаев.

    Ақтаудағы балабақша дауы: Сұмдық төбелестен соң ата-аналар балаларын алып кетуде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.