jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Жемқорлық үшін істі болған шенеуніктердің тегі мен суреті жарияланды

    : UGC

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жемқорлық әрекеті үшін ұсталып және сотталған медицина саласындағы шенеуніктердің суретін көрсетіп, тегін жариялады. Бұның барлығы бір бейнероликке топтастырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видеодан кадр
    Видеодан кадр: UGC

    Кадрда олардың суреттері көрсетіліп, аты-жөндері аталады. Сондай-ақ, әр мемлекеттік қызметкерге қатысты қандай іс қозғалғаны және оған тағайындалған жазасы туралы ақпарат берілген.

    Одан бөлек, роликтен шенеуніктердің ұсталған сәтін байқауға болады.

    Ведомствоның мәліметінше, 2016-2019 жылдары аралығында денсаулық сақтау саласында 443 сыбайлас жемқорлық дерегі анықталды. Қылмыстық жауапкершілікке 191 тұлға тартылған.

    Қылмыс жасау саны бойынша бірінші орынды Түркістан облысы (тіркелген факт 134). одан кейін Қызылорда (58), Павлодар (39) және Батыс Қазақстан облыстары (24) тұр.

    Денсаулық сақтау қызметкерлері мен ведомствоға бағынышты ұйымдарға қатысты жемқорлықтың 226 фактісі тіркелді, олардың 90 пайызы, яғни 209 жағдай тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мен оның бөлімшелеріне тиесілі.

    Павлодар облысының бюджет қаражатын бөлу кезінде "қамқоршылық" жасағаны үшін медициналық қызметтерді төлеу жөніндегі департаменттің басшысы Қазанғапов (7,7 млн теңге) және оның орынбасары Аханаевқа (11,2 млн теңге) айыппұл салынды.

    Жемқорлық үшін нақты мерзім белгіленген сәттер де болған. Мысалы, Түркістан облысы медициналық қызметтерді төлеу комитетінің басшысы Қалыбеков 7,5 жылға бас бостандығынан айырылса, ал ұйым бөлімдерінің бірінің басшысы Жұмақов 7 жылға сотталған.

    Бұл жерден сотталған және түрмеде жазасын өтеп жатқан Ақмола облысындағы аудандық ауруханалардың бірінің бұрынғы бас есепшісінің сұхбатын көруге болады.

    Қылмыстық істің өзге де фигуранттары жайлы видеодан біле аласыз.

    Жемқорлық үшін істі болған шенеуніктердің тегі мен суреті жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.