jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Адвокат: Трансгендер Виктория Берікходжаеваны ҰҚК қызметкері зорлады

    : UGC

    Алматы облысы "Жауғашты" колониясында жазасын өтеп жатқан трансгендер Виктория Беркходжаева зорлық құрбаны болған. Осыған орай, адвокат Айман Омарова сотталушымен тілдесіп, оқиғаның мән-жайын анықтаған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Коллаж: NUR.KZ
    Коллаж: NUR.KZ: UGC

    Омарованың айтуынша, Виктория өзін қарулы күштер қызметкері бірнеше рет зорлағанын жеткізген. Адвокаттың сөзінше, зорлау оқиғасы 19 шілде күні орын алып, 20, 24 күндері қайталанған екен.

    "Оған қатысты ҰҚК қызметкері тарапынан заң бұзушылықтар болған. ҰҚК-нің сол қызметкері сексуалдық сипаттағы зорлау әрекетін жасаған. 24-і күні оның барлық киімі спермада болған", - дейді құқық қорғаушы.

    Ол тергеушіге барлық қажетті дәлелдерді ұсынғанын жеткізді.

    Сонымен бірге, адвокат ҰҚК қызметкері бастапқыда Викторияға психология жайлы әңгіме айтқанын, сосын оған қылмыстық жоба ұсынғанын айтқан.

    Омарованың сөзінше, сотталушы әңгімелеп берген қызметкер колония аумағына еркін кіре алады екен, себебі ол экстремизм және терроризмге қарсы жұмыс мәселелерімен айналысатын көрінеді.

    "Беркходжаевны өзіне шақырып алған. Бастапқыда психолог ретінде өзін таныстырады, онымен сөйлеседі. Ол оған біреуді аяқтан шалу туралы ұсыныс айтады, нақтырақ айтқанда сол мекеменің екі қызметкеріне қатысты осындай әрекетке бар дейді.
    Айтуынша, әлгі екеуі өздерімен бірге ақша мен телефон әкеледі екен", - дейді адвокат.

    Мекеме басшысы Думан Рахмонов Беркходжаевадан сексуалды зорлау туралы арыз түскенін, оны Іле ауданы полициясында тіркегенін мәлімдеген. Ал аталған қылмысты ҰҚК қызметкері жасағанынан Рахмонов хабарсыз болып шықты.

    Айта кетерлігі, бұл Викторияға қатысты болған алғашқы даулы оқиға емес. Ол кеше колонияда өзі бірнеше рет зорланғанын көпке мәлім еткен еді.

    Адвокат: Трансгендер Виктория Берікходжаеваны ҰҚК қызметкері зорлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.