jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Нұр-Сұлтанда ер адам жолаушыға газ баллонымен шабуыл жасады (видео)

    : UGC

    Нұр-Сұлтанда №9 автобус жолаушысына шабуыл жасалды. Куәгерлердің айтуынша, іс-әрекеті ақылға қонымсыз ер адам басқа ер азаматқа шабуыл жасап, оның бетіне газ баллон шашып жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Видеодан кадр
    Фото: Видеодан кадр: UGC
    "№9 автобуста қызыл түсті киім киген жігіт нағыз бұзақылық жасады. Ол балалар, қарттар және жүкті әйелдер болғанына қарамастан, салонда газ баллонын шашты.
    Бүкіл салон жөтеліп жатты. Содан кейін ол төбелесе бастады - біраз камераға түсіріп алу мүмкін болды. Оны құқыққорғау органдарының тауып алғанын қалаймыз", - деп хабарлайды Instagram-дағы eto_astana_detka тобының куәгері.

    Кадрдан ер адамның өзге адамның бетін аяғымен тепкенін көруге болады. Шабуылдың құрбаны жартылай бүгілген күйде тұр, тыныс алуы қиындап, көзін сүртуге тырысып жатыр.

    Басқа жолаушылар ер адамды шабуылдаушыдан қорғамақ болған. Кадрдан тыс жөтеліп жатқан адамдардың дауыстары естіледі. Олар есікті ашып, жедел жәрдем шақыруды сұрап жатыр.

    Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметінде оқиғаның бүгін таңғы сағат 10-да орын алғанын хабарлады. Елорда тұрғыны полицияға арыз жазып, автобуста онымен сөзге келіп қалған ер адамның өзіне газ баллон шашып, көліктен шыққаннан кейін аяғымен оның бетінен соққанын айтты.

    Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    Нұр-Сұлтанда ер адам жолаушыға газ баллонымен шабуыл жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.