jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Резеңке оқ атқан: Маралды көліндегі жаппай төбелестің мән-жайы белгілі болды

    : Facebook

    Кеше, 20 тамыз күні Маралды көлінде жергілікті тұрғындар мен су қоймасы күзеті қызметкерлерінің арасында жаппай төбелес орын алды. Қақтығысқа қатысқан 30-дан аса адамның арасында зардап шеккендер бар деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Видеодан кадр
    Фото: Видеодан кадр: Facebook

    Қарулы қақтығыс су қоймасының күзеті мен жергілікті тұрғындар арасында болған. Олардың бірінде темір шыбықтар болса, екіншілері атыс қаруын алып жүрген.

    Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев кешегі оқиғаға қатысты мән-жайды баяндап берді. Министрдің сөзінше, қақтығыс салдарынан бес адам жарақат алған. Олардың бәріне медицина қызметкерлерінің көмегі қажет болыпты.

    Алайда, Тұрғымбаевтың ақпараты бойынша, ауыр жарақаттар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта аумақ тәртіп сақшыларының бақылауында.

    Сонымен қатар, төбелестің Жылыбұлақ ауылы тұрғындары мен су қоймасының жалға алушысы жалдаған күзет арасында орын алғаны анықталды.

    Күзет қызметі қызметкерлерінің сөзінше, бұған дейін олар мотоциклмен екі қап Artemia salina құнды шаяндарын тасуға тырысқан ауыл тұрғындарын тоқтатқан.

    Алайда, жергілікті тұрғындардың бірі оқиғаның құнды жүкке еш қатысы жоқ деп отыр. Ол кикілжің орын алған күні жағалаудан малдарды іздеп жүргенін, сол кезде күзет қызметкерлері ойда-жоқта өзіне оқ атқанын алға тартты.

    Кейіннен азаматқа басқа ауыл тұрғындары көмекке келген екен. Бірақ, олар да күзет қызметкерлерінен тиістіні алды деп еске алады төбелеске қатысқан азамат.

    Жағдайды өз бақылауына алу үшін күзет қызметкерлері резеңке оқ атып, оқиға орнына құқық қорғау органдарын шақыруға мәжбүр болған.

    Жаппай төбелесті тек жедел әрекет ету арнайы жасағы ғана тоқтата алыпты. Олар кикілжіңді басу үшін ауаға бірнеше оқ атуға мәжбүр болған екен.

    Дегенмен, жанжал тоқтамас бұрын ауыл тұрғындары күзет қызметкерлерінің "Нива" маркалы қызметтік көлігін айдан әкетіп, далаға тастап кеткен.

    Басылымның хабарлауынша, осыған дейін жергілікті тұрғындар шаянды өздер аулап жүріпті, ал жақында су қоймасында жалға алушы пайда болған екен.

    Осылайша, Artemia salina шаяндары су қоймасының жалғыз құндылығы ретінде сақталып жүрген көрінеді.

    Қазіргі уақытта төбелеске қатысқандарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, күдіктілер бұзақылық, заң тәртібін бұзушылық және көлікті айдап әкету бабы бойынша айыпталуда.

    Резеңке оқ атқан: Маралды көліндегі жаппай төбелестің мән-жайы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.