jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Айман Омарова зорлық көрген жасөспірімдер жайлы Тоқаевқа жайып салды

    : UGC

    Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, адвокат Айман Омарова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан Түркістан облысында зорланған 13 жастағы баланың ісіне араласуды сұрады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Айман Омарова, фото: Илья Ким / "Домашний очаг"
    Айман Омарова, фото: Илья Ким / "Домашний очаг": UGC

    Мемлекет басшысының қатысуымен өткен қоғамдық кеңестің отырысында Айман Омарова адам зорлау мәселесін көтерді.

    Адвокаттың сөзінше, ол қазіргі уақытта зорланған 9 баланың ісін қарауда. Осыған орай кеңес мүшесі істердің бір-екеуін мысалға келтірді.

    "Сарыағаш ауданындағы интернатта он үш жасар баланы бір жыл бойы зорлаған. Оны балалар "тесік" деп атаған. Жығылғанға жұдырық деп, Түркістан облысының соты зорлаған баланы ақтап жіберген. Өйткені интернатты жапқысы келмейді. Осы мәселеге көңіл аударуыңызды сұраймын", - деді Омарова Қазақстан президентіне.

    Адвокат Түркістан обылысы Арқалық іргесіндегі ауылда болған жаға ұстатарлық оқиғаны баяндады.

    "Кішкентай ауылда 14 ер адам бір қызды зорлаған. Қазір ол іспен не болып жатқанын білмейміз. Ал қыз босанып алды. Полиция кінәлілерді қамаған да жоқ. Енді халықтың соңғы үміті – сот. Бәрі де сот әділетті болса екен деп ойлайды", - деді Омарова.

    Адвокаттың пікірінше, халық сот жүйесіне сенімі білдіруді қойған, сол себепті бұл салаға өзгерістер қажет.

    "Сотта тек адал, кәсіби мамандар отыруы керек", - деді кеңес мүшесі.

    Бұдан бөлек, кеңес мүшесі адам зорлау ісімен айналысатын арнайы департаменттер құру қажет екенін айтты.

    Айман Омарова зорлық көрген жасөспірімдер жайлы Тоқаевқа жайып салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.