Оқыс оқиға

Зектілері

Сарыағашта зейнеткерді ақша үшін ұрып өлтіріп, аулаға көміп тастаған

Жарияланған күні:

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында тұратын анасының хабар-ошарсыз кеткеніне алаңдап іздеген қарияның қызы тәртіп сақшыларына арызданған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Маусым айынан жоғалып кеткен зейнеткерді іздеуге полиция бөлімінің криминалдық полиция мен тәжірибелі тергеу қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.

"Жоғалған зейнеткерді іздестіру жұмыстарына криминалистер мен учаскелік инспекторлар да жұмылдырылды. Жоғалған әйелдің бір өзі тұратынын ескере отырып, жедел уәкілдер оның барлық байланыстарын, сондай-ақ соңғы уақытта кімдермен қарым-қатынас жасағанын анықтады.

Осы айлар аралығында полицейлер қарт әйелді іздестіруді тоқтатпады, келіп түскен барлық ақпаратты мұқият тексеріп шықты. Сонымен қатар, егде әйел адам өлтірудің құрбаны болуы мүмкін деген болжам да жасалды. Із-түзсіз жоғалған адамды іздестіру облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болды.

Бір ай бойғы сәтсіз іздеуден кейін Сарыағаш АПБ-де ҚР ҚК-нің 99 бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Одан әрі тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастырды,"-деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

4 айдан кейін жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері зейнеткердің жоғалуына қатысы бар күдіктінің ізіне түскен. Ол Сарыағаш ауданында жәбірленушімен көрші үйде тұрған, Қазығұрт ауданының тумасы болып шықты.

Күдіктінің айтуынша, зейнеткер әйел екеуінің арасында қарыз салдарынан жанжал туындаған. Жанжал барысында күдікті әйелді өлгенше ұрып-соғып, денесін өз үйінің ауласына көміп тастаған. Полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған адамның  мәйітін аталған жерден тауып, оны сараптамаға жіберді.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері болған қылмыстың барлық мән-жайын анықтауда. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/1819520-saryagasta-zejnetkerdi-aksa-sin-ryp-ltirip-aulaga-kmip-tastagan/