Оқыс оқиға

Зектілері

Ақтөбелік кәсіпкер өзін мемлекеттік кіріс мекемесінің экс-қызметкері ұрғанын мәлімдеді (фото, видео)

Жарияланған күні:

Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы шағын кафенің иесін "мемлекеттік мекемеден келдік" деген екі жігіттің бірі ұрған. Оқиғаның мән-жайын кәсіпкер әйел адамның өзі айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шынар Қамиева. Фото: KAZ.NUR.KZ
Шынар Қамиева. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Мен Қобда ауданындағы 35 адамға арналған шағын ғана кафенің иесімін. Караокеміз бар. Түнгі 12-ге дейін ғана жұмыс істейміз. Мен көп жағдайда залға шықпаймын, монитор арқылы қарап отырамын. 24 қыркүйек күні кешке сағат алтыдан бастап жұмыс істедік. Сол күні бір ғана үстелде адамдар отырды. Кейін кафеге мен танымайтын екі жігіт келіп, тапсырыс берді. Олар сыраның бөтелкесін сыртқа алып шыққанын көріп ескерту жасағанымда өзіме тап берді.
"Мемлекеттік кіріс" мекемесінен маған ұйғарым әкелгендерін, сол жердің қызметкері екенін айтып және сыраның ақшасын төлемейтінін айтты. Тапсырыстарын төлемегенімен қоймай, олар үшін дастархан жаюым керек деді. Әрекеттерін айтудың өзі ұят. Дәретхана кафенің ішінде де, сыртында да бар. Ескертуімді тыңдамай есіктің алдына дәрет сындырды.
"Мына жер қоғамдық орын деп қай жерде жазулы тұр? Дәрет сындыруға бомайды деген жазуды көрген жоқпыз" деп сөзімді мазаққа айналдырды, балағаттады. Сыртта сөйлесіп тұрғанымызда қалай ұрғанын байқамай қалдым. Жұдырығымен ұрған болу керек. Мені ұрғаннан кейін көліктеріне отырып кетіп қалды. Егер соққылары өлімге әкелсе не болар еді?", - дейді кәсіпкер Шынар Қамиева.

Соққыдан есін жинай алмай қалған кәсіпкер болған жайды бейне бақылаудан қайта қараған. Қызметкерлері арқылы олардың мемлекеттік кірістер мекемесінің қызметкерлері екенін білген.

Бүгінде облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатқан кәсіпкер өзін ұрған жанды заңмен жазалауды сұрап отыр. Үстерінен арыз жазған.

Шынар Қамиева. Фото: KAZ.NUR.KZ
Шынар Қамиева. Фото: KAZ.NUR.KZ: Depositphotos

Полиция дептарменті осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Қобда ауданында кафенің меңгерушісі мен орталыққа демалуға келген тұрғынның арасында келіспеушілік туындайды. Келуші кафе меңгерушісін бетінен ұрған. Қазір бұзақылық бойынша ҚР ҚК-нің 293 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде", - дейді ПД.

Бұған қатысты пікір білдірген аталмыш мекеменің басшылары аталмыш қызметкерлердің 24-қыркүйек күні жұмыстан шығып кеткенін айтады.

"Ол кісілер қазір бізде жұмыс істемейді. Екеуінің де он жылдай қызмет өтілдері бар. Қысқартуға байланысты 24 қыркүйек күні өз арыздарымен жұмыстан шығып кетті", - дейді Қобда аудандық мемлекеттік кірістер мекемесінің бөлім басшысы Болат Жекеев.

Ал дәрігерлер науқастың миы шайқалған деп отыр.

"Науқас 25 қыркүйек күні бізге жедел жәрдеммен жеткізілді. Жабық бас ми жарақаты, бас миы шайқалған. Науқастың айтуы бойынша, алған жарақаты Қобда ауданында танитын адамдардың соққыға жығуынан болған. Түскен кездегі жағдайы алған жарақатына байланысты орташа ауырлықта болды. Көзінен соққы алған. Ауырсыну бар", - дейді емдеуші дәрігері Нұрсұлтан Айтмурзин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/1819586-aktbelik-ksipker-zin-memlekettik-kiris-mekemesini-eks-kyzmetkerleri-rganyn-mlimdedi/