jitsu gif
Оқыс оқиға

    Аружан Саин зорлықшылардың түрін көрсетіп, аты-жөнін жариялауды ұсынды

    : Facebook

    Таразда кәмелетке толмаған қыз баланы зорлау ісі балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саинды бей-жай қалдырмады. Ол осындай қылмыстардың жиілеуіне байланысты зорлықшылардың түрін көрсетіп, аты-жөндерін жариялауды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Аружан Саин. Фото: facebook.com/aruzhan.sain
    Аружан Саин. Фото: facebook.com/aruzhan.sain: Facebook

    Бұл туралы балалар құқығы жөніндегі уәкіл өзінің Facebook парақшасында жазды.

    Оның айтуынша, мұндай қылмыстар көпшілікке жария етілуі керек. Яғни зорлықшылардың аты-жөндерін, суреттерін көрсету қажет, әйтпесе олар құпиялықпен қорғалғандай көрінеді.

    "Бұқаралық ақпарат құралдарында бабалар зорлығы, осындай қылмыс бойынша сотталғандар жайлы материалдар үнемі аты-жөндері аталмай, суреттері көрсетілмей жарияланып жатады. Бұл осындай қылмысқа бейім адамдар үшін қорқыныш тудырмауы мүмкін. Мәселен, "мен ғана бұндай емес екенмін ғой, әне, қаншама адам солай жасап жатыр" дегендей ой қалыптасуы мүмкін оларда.
    Мұны айтып жеткізу қиын, бірақ біз үнемі зорлық бойынша істермен айналысып келеміз. Зорлықшылар жазаланған күннің өзінде шарасыздық сезімі туады. Жаза – балалардың көрген азабы мен тартқан қасіретін қайтара алмайды", – дейді Саин.

    Айта кетейік, өткен аптада Таразда мектеп оқушысының зорланғаны туралы жаңалық елді дүр сілкіндірді.

    12 жастағы қыз сабақ уақытында дәретханаға шығып, сол жерде педофилдің құрбаны болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.