jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Оралда қыздың мәйітін шатыстырып беріп жіберген санитар қызметінен қуылды

    : Facebook

    Оралда жол апатынан қаза тапқан 10 жастағы Айарудың денесін, шалғайдағы басқа бір отбасыға беріп жіберген санитар жұмыстан шығарылды. Қызметкерінің салғырттығы үшін сот сараптамалық институттың директоры да қатаң сөгіс алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

    Жол апаты болған жер, фото: Уральская неделя
    Жол апаты болған жер, фото: Уральская неделя: Facebook

    Телеарна мәліметінше, мәйітхана қызметкерлері қателесіп, Айарудың денесін Оралдан 500 шақырым жердегі Сайқын елді мекенінен келген басқа бір отбасыға салып жіберген.

    Шалғайға әкетілген қыздың денесі орта жолдан кері қайтарылғаны белгілі болды.

    Сараптамалық институт өкілдері Айарудың жанұясынан болған жағдайға байланысты кешірім сұрады.

    "Біздің жұмыскердің жағынан қателік жіберіп тұр негізі. Өйткені ол справкада көрсетілген аты-жөні мен журналда тіркелген аты-жөнімен салыстырмаған. Салыстырмағандықтан, осындай мәселе болып жатыр. Болашақта мұндайды болдырмауға тырысамыз әрине", - облыстық сот сараптамасы институтының директоры Олжас Дүйсенбаев.

    Автор: Е.Карин

    Еске сала кетсек, Орал қаласындағы мәйітхана қызметкерлері жол апаты салдарынан қайтыс болған қыздың денесін қателесіп, басқа ауылға жібергенін хабарлаған болатынбыз.

    Қайғылы жағдай 20 қараша күні орын алған.

    Он жастағы қыз бала әжесімен бірге каратэ жаттығуынан қайтып келе жатқан.

    Жаяу жүргінші жолында "Ауди" жүргізушісі оны қағып кетіп, ізін суытты.

    Тәртіп сақшылары күдіктіні тез арада қолға түсірген.

    Он жастағы Айару қаладағы белгілі музыкант Асылхан Қазиевтің үлкен қызы және белгілі күйші, облыстық филармония әртісі Ермек Қазиевтің немересі болып табылады.

    Оралда қыздың мәйітін шатыстырып беріп жіберген санитар қызметінен қуылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.