jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ер адам бұрынғы әйеліне алимент төлемеу үшін 750 мың долларын өртеп жіберген

    : Facebook

    Оттава мэрі лауазымына бұрынғы үміткер, бизнесмен Брюс Макконвиль жұбайымен ажырасқанына қайғырып, оған алимент төлемеу үшін 750 мың доллар ақшаны өртеп жібергенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

    Көрнекі сурет: pixabay.com
    Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

    55 жастағы Макконвиль ажырасу процесі басталғаннан-ақ өз қаражатын бұрынғы әйелімен бөлісуге ниеті жоқ екенін білдіріп, сотқа қаржылық жағдайы жөнінде мәлімет ұсынудан үзілді-кесілді бас тартқан.

    Бұдан кейін сот оған жеке мүлкін сатуға шектеу қоюға шешім шығарды. Алайда, ер адам соттың талабын ескермей, өз активтерін бұрынғы есепшісіне сатып жіберген.

    Кейіннен бизнесменнің айтуынша, ол бұрынғы әйеліне ақша бермеу үшін шоттарындағы бар қаражатын шешіп алып, өртеп жіберген. Сөзіне қарағанда, 23 қыркүйекте ол 743 мың, ал 15 желтоқсанда 296 мың канадалық доллардың көзін жойған.

    Алайда, бизнесмен сот отырысында өзінің сөздерін айғақтайтын ешқандай дәлел келтірмеген: ақшаны өртеу сәтінің бейнежазбасы да, куәгерлері де жоқ. Ақыры судья қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жасыруға әрекеттенгені үшін оны 30 күнге түрмеге жабу туралы үкім шығарды.

    Бұдан бөлек, аталған құжаттардың сотқа ұсынылуын кешіктірген әр күн үшін оған 2 мың доллардан айыппұл салынды. Бұл қаражат оның бұрынғы әйеліне берілетін болды.

    Еске сала кетейік, жақында Атырауда шаңырақ көтерген жас жұбайлар 4 күннен соң ажырсауға келгені хабарланған еді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.