jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Нұр-Сұлтанда телефон түрінде пара алды деп күдіктелген экс-әкімге сот үкімі шықты

    : Facebook

    Елорданың №2 Есіл аудандық сотында пара алды деп күдіктелген Байқоңыр ауданының бұрынғы әкімі Асқар Есіловке сот үкімі шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Depositphotos

    Ведомствоның мәліметінше, сот үкіміне сәйкес, Байқоңыр ауданының бұрынғы әкімі А.С.Есілов 515 000 теңге тұратын ұялы телефон түрінде пара алғаны және футбол алаңдарының құрылысы бойынша қосалқы мердігерлік жұмыстарды алуға жәрдем бергені үшін, ал кәсіпкер С.С.Нұртазин пара бергені үшін кәнілі деп танылған.

    "Сотталушылардың жасаған қылмыстары үшін өкінгендерін, кінәларын мойындағанын, асырауында жас балаларының барын ескере отырып, іс жеделдетілген сотқа дейінгі өнідірісте тергеп, тексерілді.
    Сот үкімімен прокурордың сұрауы бойынша айыпталушы А.С.Есіловке – 15 450 000 теңге және С.С.Нұртазинге – 7 725 000 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза белгіленді", - делінген хабарламада.

    Екі сотталушы да өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылған.

    Айыппұл төлеуден бұлтарған жағдайда, аталмыш жаза түрі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Нұр-Сұлтанда Байқоңыр ауданының басшысы ұсталды деген хабарлама тараған болатын.

    Кейін бұған қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пікір білдіріп, шенеуніктің пара алды деп күдіктеліп жатқанын хабарлаған еді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Нұр-Сұлтанда телефон түрінде пара алды деп күдіктелген экс-әкімге сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.