jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің экс-басшысы бес жылға сотталды

    : UGC

    Нұр-Сұлтанда шамамен бір жыл бұрын Ауыл шаруашылығы су ресурстары жөніндегі комитетінің экс- басшысы Ислам Әбішев жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікке ілінген болатын. Бастапқыда ол бірнеше миллион сомада пара алуы мүмкін деп хабарланған еді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ислам Әбішев. Фото: atameken.kz
    Ислам Әбішев. Фото: atameken.kz: Depositphotos

    Өткен жылдың наурыз айында шенеунік пара алды деп күдіктеліп, қызметінен босатылды. Комитеттің экс-басшысы 60 млн теңге көлемінде пара алды деп болжанған.

    Қызметтен кеткеннен кейін үш күннен соң Әбішев тұтқынға алынды. Артынша ол тек пара алғаны үшін емес, бопсалағаны үшін айыпталып жатқаны жайлы ақпарат шықты.

    Шенеуніктің ұсталғаны жөніндегі мәліметтен кейін желіде Ұлттық бюро мамандары бір бума ақшаны тәркілеп жатқан видео пайда болды.

    Өткен жылдың қыркүйек айында комитет экс-басшысының ісі сотқа жолданғаны анықталды.

    Бүгін, 18 ақпанда сот баспасөз қызметі Ислам Әбішевтің бес жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады. Сондай-ақ, сотталушылар қатарында "Қазақ күресі" Дүниежүзілік Федерациясының президенті Тукиев бар болып шықты. Ол төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

    "И. А. Әбішев Соколов су құбырын қайта жаңғырту үшін Ш. есімді азаматтан бопсалау жолымен (ҚК 24-бап, 3- бөлім, 366-бап, 4- бөлім) 60 млн теңгеден аса пара алуға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.
    С. А. Түкиев И. А Әбішевтің пайдасына 10 000 000 теңге пара алуға көмектескені үшін (ҚК 28- бап, 5- бөлім, 366- бап, 3- бөлім, 1,3- тармақ) кінәлі деп танылды"-, делінген сот хабарламасында.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің экс-басшысы бес жылға сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.