jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Талдықорғанда өгей әкесі аяусыз ұрған 8 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

    : UGC

    Талдықорғанда жантүршігерлік оқиға болды. Өгей әкесі 8 жасар баласын аяусыз соққыға жыққан. Алған жарақаттарының салдарынан жеткіншек жансақтау бөліміне түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Талдықорғанда өгей әкесі баланы аяусыз ұрып тастады: Баақай жасанды желдеткішке қосылды
    Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

    Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, 8 жасар бала ауруханаға 19 сәуірге қараған түні жеткізілген.

    Оның жағдайы ауыр болғандықтан бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер жасөспірімді өкпені жасанды желдету аппаратына қосуға мәжбүр болған.

    Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақтанған. Ол өздігінен, аппаратсыз тыныс алуда.

    "Балаға қол көтеруге дәті барған адам ұсталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында", - дейді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалмұрат Жүкел.

    Ведомство бұл уақытта жеткіншектің анасының қайда болғанынан хабарсыз.

    Бұл жайтқа қатысты Алматы облысының полиция департаменті де пікір білдірді.

    "Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша жүргізілуде. Қазіргі уақытта 1987 жылғы Г. есімді күдікті тұлға анықталып, кінәсын мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
    Сотқа дейінгі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның нәтижесінде қылмыстық істің материалдары сотқа жіберіледі", - деді полициядан.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін анасы бас тартқан қыздың өгей әкесінен қорлық көріп келгені туралы жазған едік.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Талдықорғанда өгей әкесі аяусыз ұрған 8 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.