jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Шамалғандағы апат: Сот кінәлі деп тапқан кезекші үш жарым жылға сотталды

    : Instagram

    Шамалғандағы темір жол өткелінде өткен жылы пойыз бен жолаушылар автобусы соқтығысқан. Апат салдарынан оқиға орнында жүргізуші қаза тапты. Осыған байланысты сот отырысы өтіп, үкім шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    Шамалғандағы пойыз бен автобустың соқтығысуы
    Шамалғандағы пойыз бен автобустың соқтығысуы: Instagram

    Телеарна мәліметінше, Қарасай аудандық соты бекет кезекшісін кінәлі деп тауып, үш жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырған.

    60 жастағы Досбатыр Ахметжанов темір жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзғаны үшін айыпталғаны белгілі болды.

    Сот отырысында бес айға созылған тергеу барысында жүзге тарта куәгерден жауап алынып, кезекшінің кінәсі толық дәлелденгені айтылды.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    Еске сала кетсек, 15 қыркүйек күні Алматы облысына қарасты Шамалған бекетінде жантүршігерлік апат болды. Кешқұрым өткелде тұрған автобус бен жолаушылар пойызы соқтығысып, қоғамдық көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған.

    Автобуста болған 20 адамның 16-сы одан уақытында кезінде шығып үлгерді. Ал шыға алмай қалған бір жолаушы әйел мен оның екі баласы ауруханада ауыр халде ұзақ жатқан болатын.

    Марқұм автобус жүргізушісінің әйелі сот барысында жолдасының өліміне екі баласы бар жолаушы келіншекті кінәлады.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

    Шамалғандағы апат: Сот кінәлі деп тапқан кезекші үш жарым жылға сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.