jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Сайлауова бостандыққа шықты

    : Facebook

    Атырау облысы әкімінің бұрынғы орыньасары Нұрсәуле Сайлауова темір тордан босап шықты. Экс-шенеунік өзінің жазасы мен келтірген шығындарын толығымен өтеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Сайлауова бостандыққа шықты
    Нұрсәуле Сайлауова. Фото: atyrau.gov.kz: UGC

    Бұл туралы Сайлауованың адвокаты Анар Құсаинова өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

    Заңгердің сөзінше, Нұрсәуле Сайлауқызы қамаудан босатылған, ал сот облыстық прокуратураның наразылығын қанағаттандырмапты.

    Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі Tengrinews.kz-ке бұрынғы орынбасардың 7,1 миллион теңгені құраған материалдық шығынды өтегені туралы ақпарат берген.

    Сонымен қатар, Нұрсәуле Сайлауованың қамқорлығында баласы және қарт анасы бар. Осыған байланысты сот оны екі жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бұл мерзім аяқталғандықтан ол қамаудан босатылды.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары мен білім беру саласы экс-басшыларына қатысты іске нүкте қойылғаны туралы жазған едік.

    Өткен жылдың 18 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері Нұрсәуле Сайлауованы қамауға алған болатын.

    Мемлекет бюджетінен 110 млн теңгені талан-таражға салды деп айыпталған 8 адамға қалалық №2 сот осы жылдың ақпан айында үкім шығарды.

    Сот шешімі шыққанға дейін Сайлауова тергеу изоляторында болғандықтан оның 10,5 айындағы әр күні «екі күн» болып саналған. Осылайша, ол үкім шыққан соң үш айдан кейін босатылды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

    Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Сайлауова бостандыққа шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.