jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы облысында өз баласын қорғамақ болған аю адамды талап өлтірді

    : Instagram

    Алматы облысында өз баласын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

    Алматы облысында өз баласын қорғамақ болған аю адамды талап өлтірді
    Көрнекі фото: polisia.kz: Instagram

    Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы Алакөл ауданының тауларында орын алды. Аю 1979 жылғы Ресей Федерациясының азаматына шабуыл жасаған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне оқыс оқиға ретінде тіркелді.

    "Куәгерлердің айтуы бойынша, қайтыс болған адам туыстарына демалуға келген Лепсинск ауылының тумасы. 28 мамыр күні оқыс оқиғаға тап болған ер адам “Лайка” тұқымды иттімен және үш танысымен бірге атпен Лепсі өзеніне балық аулауға барған. 30 мамыр күні, үйге қайтып келе жатып, жолаушылар алты шақырымға жуық жол жүрген. Сол сәтте ит аюдың қонжықтарын байқап оны қуған. Итті борсықтың ізіне түсті деп ойлаған атты жолаушы соңдарынан ерген.
    Ағаштардың өсіндісіне жүгіріп кеткен ит, бір мезетте қатты ұлыған. Қаза болған адам итіне көмектеспек болып ағаш өсінділеріне кіріпті. Біраз уақыт өте ер адамның қатты дауысы естілген. Сол сәтте бұталарды сындыра өсінді арасынан, жылқы мен адамдарды қорқыта аю шығып, орманға қарай қашқан. Қаза болған адамның достары оның денесін көптеген сынықтар мен жарақаттары бар, өмір белгілерінсіз тапқан, зақымданулар иттен де табылған", – дейді Алакөл аудандық Полиция бөлімінің басшысы Қуат Оспанов.

    Полицейлер көктемгі кезеңде аюлар өз қонжықтарын қорғау мақсатында агрессивті болатынын және осыған байланысты сақтық шараларын сақтау қажеттілігін ескертті. Адамға шабуыл жасауға итермелеген себеп ретінде аюдың қонжығын қорғамақ болғанына байланысты, аю атылмайды.

    Айта кетейік, Атырауда жеті қазынаның бірі – итті қорлағандар анықталып, қылмыстық іс қозғалды.

    Алматы облысында өз баласын қорғамақ болған аю адамды талап өлтірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.