jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жаңа туған нәрестені көшеге тастап кеткен безбүйрек ана іздестірілуде

    : Facebook

    Түркістан облысының полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестесін тастап кеткен ананы іздестіріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Көрнекі сурет: pixabay.com
    Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

    7 маусым күні сағат 10:00 шамасында Сайрам аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан Ақсукент ауылының көшелерінің бірінде сүлгіге оралған нәресте жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

    Оқиға орнына Сайрам АПБ бастығы бастаған жедел тергеу тобы шықты. Тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға келіп, сүлгіге оралған, туылғанына 4-5 сағат болған, бойы шамамен 50 см болатын шақалақты тапқан. Тез арада нәрестені аудандық орталық ауруханаға жеткізген, қазір баланың жағдайы жақсы.

    Аталған дерек Сайрам аудандық полиция басқармасына қылмыстық кодекстің 119-бабымен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қажетті шараларды жүргізіп, сәбидің анасын анықтады. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Дәрігердің анықтамасына сәйкес, жаңа туған қыздың салмағы – 2,75 келі, бойы – 52 см, туылғанына 4-5 сағат болған.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында зираттан нәрестенің денесі табылғанын хабарлағанбыз.

    Жаңа туған нәрестені көшеге тастап кеткен безбүйрек ана іздестірілуде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.