jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Әйелінің үстіне дөңгелек іліп, аяусыз қорлаған қырғызстандық азамат елді шошытты (видео)

    : UGC

    Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде әйелін қорлаған ер адамның видеосы тараған еді. Белгілі болғандай, оқиға Қырғызстанда болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Akipress-ке сілтеме жасап.

    Әйелін қорлап, видеосын желіге салған қырғызстандық азамат қамауға алынды
    Фото: Видеодан кадр: UGC

    Видеодан иығына көлік дөңгелектері ілінген әйел адамды оның үстіне қайта-қайта шелек су құйып, бетінен аяусыз ұрған ер адамды байқауға болады.

    Кейінірек жәбірленуші полицияға арызданған және бұл факт Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 144-бабы ("Азаптау") бойынша қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне тіркелген.

    Ер адам Созақ АІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Басылымның ақпарынша, 15 маусымда Әйелдер және гендерлік даму жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтеді, онда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты осы жағдай қаралатын болады.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін алматылық арудың жігіті аяусыз ұрғанын айтып, жұрттан көмек сұрағаны туралы жазған едік.

    Ол әлеуметтік желідегі хабарламасында өз өмірі үшін алаңдайтынын жеткізген.

    Сондай-ақ, ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында сүйіктісі тек ұрып қана қоймай, телефоны мен ақшаларын тартып алатынын мәлім еткен.

    Одан бөлек, бойжеткенді ер адам өлтіремін деп қорқытқан көрінеді.

    Алматылық өз өмірі үшін қорқатынын мойындап, сонымен қатар егер жігіті бұндай қадамға барса кімді кінәлайтындығын білмейтінін жеткізген.

    Әйелінің үстіне дөңгелек іліп, аяусыз қорлаған қырғызстандық азамат елді шошытты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.