jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда полиция сүйіктісімен ұрсысып, көпірден секірмекші болған жігітті құтқарды

    : UGC

    Алматыда полиция қызметкерлері сүйіктісімен жанжалдасып қалып, өз-өзіне қол салмақ болған 26 жастағы Қызылорда тұрғынын аман алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

    Алматыда полиция сүйіктісімен ұрсысып, көпірден секірмекші болған жігітті құтқарды
    Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі: UGC

    Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шамамен сағат 12:15-те Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының мамандандырылған батальонының бригадасы Халиулин көшесінің оңтүстік бойымен келе жатып, Құлжа тас жолында көпірден секірмек болған жас жігітті байқады.

    "Менің серіктесім - полиция лейтенанты Жандос Дүйсенбеков бірінші болып әрекет етті, ол адамға қарай жаяу жүріп, уақытты зая кетірмей, онымен мұқият тілдесуге кірісті. Мен басқа жақтан шықтым. Алыстан сөйлесіп тұрғанда біз жас жігіттің сүйіктісімен ұрсысып қалғаны үшін осындай қадамға бармақ екенін білдік.
    Серіктесім екеуіміз оның көңілін аулап жатқан кезде жанымыздан өтіп бара жатқан жүргізушілердің бірі оның артынан келіп, ұстап алды. Айта кету керек, жүргізуші бізді сырттай бақылап, көмек керек екенін түсініпті. Сосын бізбен ишара арқылы тілдесіп, ер жігіт ұстап қалуға тәуекел етті. Оған көп рақмет", - дейді Алматы қалалық жол полициясы басқармасының мамандандырылған батальонының инспекторы Ермек Меңғалиев.

    Сондай-ақ, полиция қызметкерлері өз-өзіне қол салмақ болған жігіттің жағдайы жақсы екенін, оған психологиялық көмек көрсетілгенін атап өтті.

    Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды арнайы мамандар құтқарып қалғанын жазған едік.

    Алматыда полиция сүйіктісімен ұрсысып, көпірден секірмекші болған жігітті құтқарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.